Бұл бөлімде біз баланың мектепке дайындығы мен жаңа ортаға бейімделуіне қалай көмектесуге болатыны туралы әңгімелейміз.
Мұғалімдердің рөлін, мемлекеттік және жекеменшік балабақша мен мектептердің ерекшеліктерін, цифрлық дәуірдегі жасөспірімдердің мотивациясын талқылаймыз.
Сонымен қатар бағалау жүйесінің бала психологиясына әсері, кикілжің туғанда қалай әрекет етіп, ересек өмірге басқан қадамын қалай қолдау қажеттігі туралы айтамыз.
Екінші бөлімде отбасындағы атмосфера мен тәрбиелеу стилі баланың дамуына қалай әсер ететіні туралы сөз қозғаймыз.
Қосымша білімнің рөлін, бос уақыт пен хоббидің, ата-әжелердің тәрбиедегі маңызын талқылаймыз.
Балаларды үй шаруасына қатыстыру қалай жауапкершілік сезімін қалыптастыруға көмектесетініне жеке тоқталамыз.
Қазақстанның білім беру саласындағы көрнекті реформаторларының бірі.
Қарапайым мұғалім, мектеп директоры қызметінен бастаған ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі лауазымына дейінгі жолдан өтті. Он жылдан астам уақыт бойы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымын басқарып, елдің білім беру жүйесінің дамуына елеулі үлес қосты.
Ол өмірін балаларға, мұғалімдер мен мектепке арнаған жан. «Үздік» кітабы – бала үшін ненің маңызды екенін жақсы түсінетін сарапшы жазған, ата-аналар мен педагогтерге арналған практикалық нұсқаулық.
Qazaq Capital Partners, Hemen Kaztrade Group, Kazmedia Holding компанияларының негізін қалаған кәсіпкер, National Geographic Qazaqstan журналының баспагері Еркін Жақыпов және Ресей мен ТМД-ға танымал маркетолог, автор әрі баспагер Игорь Манн құрған қазақстандық баспа.
Баспамыздың өнімдері мына бағыттарды қамтиды:
Ментор – практикалық пайдасы мол кітаптар.
Бірлескен жоба ұсынғыңыз келе ме? Хабарласыңыз, біз ынтымақтастыққа дайынбыз.
WhatsApp арқылы жазу